Бітімгершілік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Д» ЖШС-нің «З» ЖШС-нен  қарыз бен өсім сомасын өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

2017 жылғы 26 қазанда тараптардың арасында жарылғыш материалдар жеткізу шарты жасалған. 24.12.2014 жылы қосымша келісімге сай 13 952 000 теңге сомасына, 12.03.2015 жылы 6 714 000 теңге сомасына, 08.04.2015 жылы 10 071 000 теңге сомасына, 10.08.2016 жылы 1 1000 675 теңге сомасына және 19.10.2016 жылы 13 993 782 теңге сомасына тауар жеткізілген. Барлығы  2015 және 2016 жылдары жалпы сомасы 45 831 457 теңгеге тауар жеткізілген. Берешектің бір бөлігі төленген және оның қалғаны 20 828 000 теңгені құрады.

Шартқа сәйкес жауапкер төлемге шот алған күннен бес банктік күн ішінде алған тауар үшін төлем жасауы тиіс болған, алайда жауапкер өзінің міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған. Талап қоюшымен бірнеше рет жауапкер мекенжайына хаттар жолданған, бірақ дау сотқа дейін реттеуге келмеді. Осылайша, талап қоюшы берешегін өндіру үшін  МАЭ сотына жүгінген.

2017 жылғы 12 маусымда тараптар бітімгершілік келісімін жасаған, оның шаттарына сай жауапкер талап қоюшяға келесі сомаларды төлеуге міндеттенеді: 2017 жылғы 6 шілдеге дейін 7 000 000 теңге көлеміндегі сома, 2017 жылғы 6 тамызға дейін 7 000 000 теңге көлеміндегі сома, 2017 жылғы 6 қыркүйекке дейін 6 828 000 теңге көлеміндегі сома. Өз кезегінде талап қоюшы көрсетілген шарттарды қабылдап және өз талаптарынан бас тартады.

Сот ұйғарымымен бітімгершілік келісімі бекітілді, сонымен қатар 624 840 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж қайтарылды, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі