Мәмілені жарамсыз деп тану туралы дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті» өкілдері Д.Нұрғалиева, Ө.Көбейсін, «Атамекен» мемлекеттік кәсіпкерлер палатасының өкілі Т.Жұмабаев және сот судьяларының қатысуымен «Мәмілені жарамсыз деп тану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында баяндамасымен судья А.М.Жүсіпов сөз сөйледі. Баяндамашы салық органдарының мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап арыздары туралы айтты, себебі Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 1-бап 12) тармақшасына сай салық органдары 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап міндеттемені жарамсыз деп тану туралы талап арыздарды сотқа беру өкілеттілігіне ие. Ол сонымен қатар, салық төлеушілердің мәмілелерін даулау бойынша салық органдарына өкілеттілік беру азаматтық айналым тұрақтылығы және жеке тұлғалардың қызметіне негізсіз қол сұқпаушылық қағидасының бұзылу қаупін туғызатындығын атап өтті.  Соған байланысты осыған ұқсас талап арыздар түскенде соттың алдында талапты қанағаттандыру үшін барлық жағдайлардың болуын тексеру түріндегі маңызды тапсырма тұр. Сонымен қоса судья талап беру кезінде қандай фактілердің анықталуы орын алуы керек және аталмыш дау бойынша талаптың ескіру мерзімі туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстел соңында төрағалық етуші барлық қатысушыларға аталмыш тақырыпқа байланысты қызығушылықтары мен белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі