Бітімгершілік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотынмен «Г» ЖШС-нің «С» ЖК-нен  ақшалай қаражат өндіру талабына бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап арызға сай 2016 жылғы 2 қарашада тараптар арасында қызмет көрсету жөнінде шарт жасалған. Шарт талаптарына сәйкес жауапкер талапкер алдында 1 дана 40 футтық контейнер және 1 дана 20 футтық контейнер дайындауға міндеттенген, ал тапсырысшы жеткізілген тауар үшін төлеуге міндеттенген. Шартқа сай қызмет көрсету үшін жалпы сома 1 540 000  теңгені құрайды. 2016 жылғы 8 қарашада «Г» ЖШС-гі 770 000 теңге көлемінде алдын-ала төлем жасаған, одан кейін шарт заңды күшіне енген.

Шарттың 2 тармағына сәйкес орындаушы қызметті 10 (он) жұмыс күні ішінде орындауға міндеттенген. Алайда, жауапкер өз міндеттерін атқармаған. Талапты беру кезінде мерзім өткізу 157 күнді құраған.

Сот отырысында тараптардан медиация жүргізу туралы өтінішхат және дауды медиация тәртібімен реттеуді бекіту туралы келісім түсті, оның шарттарына сәйкес: «С» ЖК 770 000 теңге көлемінде берешек соммасын, 24 178 теңге көлемінде өсім, 150 000 теңге көлемінде өкілдік шығынды мойындайды және 300 000 теңге көлеміндегі соманы 2017 жылғы 13 маусымға дейін, қалған  644 178 теңгені 2017 жылғы 7 шілдеге төлеуге міндеттенеді. 1 дана 40 футтық контейнер және 1 дана 20 футтық контейнер түріндегі мүлікті 2017 жылғы 13 маусымға дейін қайтаруға міндеттенеді. Жауапкермен аталмыш міндеттемелер орындалмаған жағдайда талап қоюшы атқару парағын жаздыртуға құқылы.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, сонымен қатар 28 325 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж қайтарылды, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі