Қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Е» ЖШС-нің  «Н» ЖШС-нен  25 448 627 теңге көлемінде қарыз сомасын және 16 338 018 теңге көлемінде өсім сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды..

Сот отырысында 2015 жылғы 8 мамырдағы №1 шартқа сай талап қоюшы сатып алушы меншігіне тікелей сату жолымен мүлік беретіндігі, ал жауапкер мүлікті (құрылғы) қабылдап және төлейтіндігі анықталды. Құрылғының жалпы құны 39 702 462 теңгені құрайды.

Шартқа сәйкес құрылғы төлемі банк шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен келесі тәртіпте жүргізіледі:

-шартқа қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде 10 000 000 теңге;

-қабылдау тапсыру актісіне қол қойғаннан соң үш жұмыс күні ішінде 25 448 627 теңге;

-2015 жылғы 20 тамызға дейін 4 253 835 теңге.

Сот талап қоюшымен міндеттеме тиісті түрде орындалғанын анықтады, ол жүкқұжатпен расталады. Бірақ, жауапкермен тек ішінара төлем жасалған. Ішінара төлемге байланысты жауапкердің талап қоюшы алдындағы берешегі 25 448 627 теңгені құрады. Жауапкер берешекті толық көлемде майындады, сондықтан да сот «Е» ЖШС-гі банкротық басқарушысының 25 448 627 теңге көлемінде қарыз сомасын өндіру туралы талабын негізді және қанағаттандыруға жатады деп есептейді.

Осылайша, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Е» ЖШС-нің талап арызы ішінара қанағаттандырылды

«Н» ЖШС-нен  «Е»  ЖШС-нің пайдасына 25 448 627  теңге берешек сомасы, 4 500 000 теңге көлемінде өсім сомасы және 898 459 теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді. 

 Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі