Ырғыз аудандық сотымен 2016 жылдың 5 айындағы жұмысы қорытындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотының төрағасы А.Бисенгали аудандық соттың 2016 жылғы 5 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы туралы баспасөз конференциясын өткізді, аталған шараға аудандық «Ырғыз» газетінің тілшісі Т.Ақдәулетұлы қатысты.

Аталған шараның барысында сот төрағасы соттың аталған кезенде және 2015 жылғы осы кезеңінде атқарған жұмысының қорытындылары және негізгі көрсеткіштері жайлы айтып өтті.

Атап айтқанда сот төрағасы көрсетілген уақыт аралығында қаралған барлық қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерге салыстырмалы түрде тоқталып өтті.

Сонымен қатар, сот төрағасы аудандық соттың 2015 жылғы 2 үкімімен сотталған 11 адамға қатысты қылмыстық істер бойынша сот орындаушының 10 адамға жазаларын ҚР қылмыстық заңнамасына сәйкес, басқа жазаға ауыстыру туралы ұсыныстары қаралып, сегіз адамға қатыстысы қанағаттандырылып, оларға тағайындалған айыппұл түріндегі жазалар нақты іс жүзінде бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, олар сот залынан қамауға алынғанын көрсетті.

Біреуі үкіметке бережағын толық төлеуі және екіншісінің айыппұлын төлеу үшін мерзім беру туралы өтінішхаты қанағаттандырылып, мерзім берілуі себепті, екі ұсыныс қанағаттандырудан бас тартылғаны айтты.

Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы азаматтардың сот қызметіне, өткізіліп жатырған шаралар жөніндегі ақпараттарға қолжетімділігін қамтамасыз етуге және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарына баса назар аударатындықтарын айтып, тілшінің тақырып бойынша қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі