Темір аудандық сотында «Қылмыстық істер бойынша сот үкімдерін орындауға жолдау тәртібімен мерзімі» тақырыбында семинар сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Темір аудандық сотында «Қылмыстық істер бойынша сот үкімдерін орындауға жолдау тәртібімен мерзімі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Іс-шара барысында кеңсе меңгерушісі Г.Жеребова баяндамамен сөз сөйледі, ол қатысушылардың назарын Қазақстан Республикасының ҚПК-тің нормаларына сәйкес сот үкімдері егер оларға шағым жасалмаса немесе наразылық білдірілмесе, апелляциялық шағым жасау немесе наразылық білдіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді және орындауға енгізуге жатады. Іс апелляциялық сатыда қайта қаралған жағдайда, егер үкімнің күші жойылмаса, ол апелляциялық қаулы шығарылған күні күшіне енеді. Бірінші сатыдағы сот, үкімнің заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей үкімді орындауға енгізеді. Сот қаулысы сотталған адамды,  ақталған адамды күзетілуден босату бөлігінде дереу орындауға енгізілуге жатады.

Сот заңды күшiне енген үкiмi мен қаулысы мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, заңды тұлғалардың, лауазымды адамдардың, азаматтардың бәрiне бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында бұлжытпай орындалуға жатады. Сот үкiмiн, қаулысын орындамау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.Үкiм мен қаулыны орындауға енгізу iстi бiрiншi саты бойынша қараған сотқа жүктеледi. Үкiмдi орындау туралы өкiмдi судья үкiмнiң көшiрмесiмен бiрге қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес үкiмдi орындауға келтіру мiндетi жүктелген органға жiбередi. Апелляциялық сатыдағы сотқа күзетпен ұсталып отырған адамдарға қатысты iстi апелляциялық қарау нәтижелерiн хабарлау мiндетi жүктеледi. Iстi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде үкiм өзгертілген жағдайда, үкiмнiң көшiрмесiне апелляциялық саты қаулысының көшiрмесi қоса берілуге тиiс.

Жазаны орындайтын мекеме немесе орган үкiмдi шығарған сотқа оның орындауға келтірілгені туралы дереу хабарлайды. Жазаны орындайтын мекеме немесе орган үкiм шығарған сотқа сотталған адамның жазасын өтеу орны туралы хабарлауға тиiс.

Апелляциялық сатының үкімін орындау туралы хабарлама бірінші сатыдағы тиісті сотқа жіберіледі.

Сонымен қатар семинарға қатысушыларға атқару парағын барлық тиісті деректемелерін толтыра отырып дұрыс және нақты толтыру қажет екендігін ескертті.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі