Аңшылық қаруды заңсыз сақтаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен азамат Н. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, азамат Н., 2016 жылы 4 маусым Темір ауданы «Т» жеке шаруа қожалықтағы үйдің ішінде, ішкі істер органдарында тіркелмеген  16-калибрлі «ИЖ-К» модельді тегіс ұңғылы атыс қаруына жататын сыңар ауыз шақпақты аңшы мылтықты өзінде заңсыз сақтаған.

Сот қаулысымен азамат Т. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) әкімшілік жазаға тартылып, оған 42 420 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі