«Оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллалар» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында  «Оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына сот төрағасының міндетін атқарушы М.Мухамбетқалиев, кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева, Ақтөбе нотариалдық аймағының нотариусы Р.Биртаевтың, Әйтеке би аудандық заң консультациясының меңгерушісі К.Матаеваның.

Өз сөздерінде сот төрағасының міндетін атқарушы және кеңсе меңгерушісі қазіргі таңда дауларды шешудің сотқа дейінгі және соттан тыс институтын енгізу мен жан-жақты дамыту, коммуналдық қызметтер бойынша қарыз ақысын өтеу рәсімін нотариустың атқарушылық жазбасы арқылы оңтайландыру, соттардың  жүктемесін азайтуға ықпал ететіні туралы атап өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде судья соттардың жүктемесін азайтуға арналған кешенді шаралар өткізіп,оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллаларды іске асыруда  жан-жақты қолдау көрсету ұсыныс келтірді.

 

 

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі