Қала тұрғындарымен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Актөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараға сот судьялары А.Мулдагалиев, А.Қаржауов, сот приставы және қала тұрғындары қатысты.                                               

Судья А.Мулдагалиев алқабилерді іріктеу тәртібін және алқабилердің қатысуымен өткізілетін сот талқылауларын ұйымдастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар судья алқабилерге үміткерлер тізімі бойынша дұрыс, нақты, сапалы ақпарат ұсыну қажеттігін, сот және атқарушы биліктерінің ерекше практикалық маңызды қарым-қатынасы туралы айтты.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі