Әкімшілік жаупкершілікке тартылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен зейнет жасындағы К.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс құжаттар бойынша құқық бұзушы К. көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, 2016 жылы 22 маусымда, Қандыағаш қаласын, «С» м/а, «С» жанар-жағар май бекетінің маңында, «Ваз 21063» автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарған.

Сот отырысында, құқық бұзушы К. әкімшілік құқық бұзушылықты жасаудағы өз кінәсін толық мойындап, жүргізу куәлігінің мерзімі аяқталғанын аңғармағанын, алкогольдік ішімдік ішіп, көлігін басқарғанын, іс әрекетіне өкінетінін айғақтаған.

ҚР ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес, алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға болмайды.

Бұл ретте, әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдардың жасаған бұл әрекеттері үшін әкімшілік жауаптылық ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл салу жазасы көзделген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігімен оған екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 424 200 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі