Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында сот ұжымының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинарда сот төрағасы А.Сабыров сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың және елдің инвестициялық тиімділігін төмендетуге; әлеуметтік-экономикалық дамудың қарқынын тежеуге апаратындығы; сол себепті барлық мемлекеттердің алдындағы ең негізгі мәселелердің қатарында сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі тұрғандығы; Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің әлемдік стандарттарына сай келетін тиімді механизмдер мен институттарды мақсатты түрде және кезеңімен қалыптастырып келе жатырғандығы туралы айтты.

Шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары, оның алдын алу, жолын кесу, болдырмау, еліміздің сот жүйесі саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы қабылданған тәртіп үлгісінің алғы шарттарын қалыптастыру  бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтылды.   

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі