Аудандық сотында алаяқтық фактісі бойынша үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотында қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 2,3-тармақтары  сотталушы Б. қылмыстық іс қаралды.

Істің мән-жайына келсек, сотталушы Б., Ақтөбе облысы ІІД-нің аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары қызметін атқарып, лауазымын пайдалана отырып, пайдакүнемдік ниетпен аудандық ішкі істер бөлімінде жүргізіліп жатқан қылмыстық іс бойынша күдіктілер Р., Е. және Н-ға  соттың оң шешімін шығару үшін тиісті өкілеттігі жоқ екендігін біле тұра,  шартты түрде сотталуына ықпал етемін деп, олардың әрқайсысынан 333 333 теңге, барлығы 1 000 000 теңгені алған. Сөйтіп, Б-ның алаяқтық  әрекеттер нәтижесінде Р., Е. және А. әрқайсысына 333 333 теңге, барлығына 1 000 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Сот, жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, жеке басы жағдайын ескеріп, мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызметпен байланысты айналысу құқығынан  өмір бойынша айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі