Қылмыстық іс бойынша брифинг

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотында «Қобда» аудандық газетінің штаттан тыс тілшісі А.Егізбаеваның қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында сот төрағасы А.Анарбаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотталушы Б.  қатысты қылмыстық ісі бойынша түсініктеме берілді. 

Істің мәні бойынша, сотталушы Б. 2016 жылы 3 сәуір бұрын үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған адам бола тура,  Қобда ауданы Калиновка ауылы Казахстан көшесінде  акимат ғимаратына қарамағарсы көлік құралдарын маскүнем масаңдықта басқарған кезде полиция учаскелік инспекторымен тоқтатылды. Сот медициналық қорытындысы бойынша  сотталушы Б. женіл түріндегі маскүнем масаңдықта  жай-күйінде болған.  

Сот мәжілісінде  сотталушы Б. өз кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкінді.

Сот сотталушы Б.  Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы)

жағымсыз әрекет  жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған көлік құралдар құқығынан айырып, жүз елу сағат қоғамдық жұмыстар  түріндегі жаза тағайындады.

Үкім  заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі