Еңбек ақыны төлемегені үшін жауапкершілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК – нің 87-бабының 1-бөлігі бойынша (еңбек ақы төлеу жөніндегі тараптарды бұзу) жеке кәсіпкер «Б» қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сай, Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторымен жүргізілген тексеру барысында жеке кәсіпкер «Б» тарапынан Қазақстан Республикасының еңбек заңдылықтарының бұзылғаны анықталды, атап айтқанда, азаматша А. еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін тиесілі 44 161 теңге еңбек ақысын төлемей Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 113-бабының 4 тармағының талаптарын бұзған, сөйтіп ол Қазақстан Республикасының әкімшілік  құқық бұзушылық туралы Кодексінің 87- бабының 1-бөлімінде көрсетілген әкімшілік  құқық  бұзушылықты  жасаған.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 113-бабының 4 тармағына сәйкес, еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.        

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер «Б» 127260 тенге көлеміндегі әкімшілік айыппұл жазасына тартылды.            

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі