Аудандық сотында жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Темір аудандық сотында Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі» талқылауы бойынша семинар өткізілді.

Темір аудандық сотының судьясы А.Акмолдина «Жаңа азаматтық іс жүргізу кодексі» 2016 жылдың қаңтар айының 1-жұлдызынан Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік Кодексі енгізілгендігі жайлы мәлімдеді. Жаңа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі азаматтық істерді қарау тәртібі процеске қатысушы тараптар үшін ыңғайлы әрі жедел, оларды татуластыруға және заманауи технологиялар кеңінен қолданылуға бағытталған. Аталған Заңның мақсаты – азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта тиімді қорғау, дауларды қарау мен шешудің жеделдігін арттыру, сот актілерінің сапасын қамтамасыз. Кодексте қалпына келтіру сот әділдігін дамытуға ықпал ететін медиация институтын одан әрі дамыту, соттардың жүктемесін азайту, судья өткізетін соттағы медиация  жаңа процестік қызметін енгізу қарастырылған. Жаңа кодекс бойынша талап арызды қозғалыссыз қалдыру институтының алынып тасталынғаннан кейін жаңа кодекс бойынша талап арыз түскен соң судьяның қабылдайтын шешімдері туралы талқылады. Сонымен қатар, жаңа кодексте сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауапқа тарту тәртібі белгіленген.

Семинар барысында қатысушылар пікірлерімен алмвсып, бірқатар сұрақтарды талқылады.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі