Аудандық сотында ұялы байланыс құралдарын пайдалану сұрақтары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда  аудандық сотында  Ақтөбе  облысы  МКҚБ ММ 1-ші  ПБ №7 полиция  взводының   командирі полиция  капитаны Е.Стацук  және кеңсе меңгерушісі  А.Маденовамен    арасында    кездесу өткізілді.

Кездесу  барысында  Е.Стацук, осы жылдың 1- ші сәуірінен бастап мемлекеттік мекемелерде ұялы байланыс құралдарын кіргізуге және пайдалануға тиым салынғандығы жайлы, тек «хабарласу/жауап/смс» функциялары  бар ұялы телефондар пайдалануға рұқсат етілгендігі туралы атап өтті, осыған байланысты сот басшылығы қандай шараларды қолға алды және жоспарлағандығы жайлы сөз қозғалды.

Аталған сұрақ бойынша кеңсе меңгерушісі А.Маденова  қазіргі уақытта барлық қызметкерлерге мекеме ішіне ғаламтор модулі, сурет- бейне жазба және дыбыс жазбасы бар ұялы байланыс құралдарын кіргізуге және пайдалануға тиым салынғандығы және мекеме ішінде  орналасатын келушілерге арналған жеке жәшіктері сақтау камерасы    пайдалынатындығы жөнінде  жайлы түсіндірілді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі