Тарапттар сотта татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1-бөлігі тбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат П.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Сотта анықталғандай, азамат П. өзінің үйінде 28.09.2017 жылы сағат шамамен 12:00-де, азаматтық некелес азаматша М.-ға былапыт сөйлеп, өзімен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық көрсеткен.

Сот отырысы барысында М. жәбірленушіден, ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1-бөлігі бойынша  азамат П.-ға қатысты әкімшілік істі медиациялық келісім жасалғанына байланысты тоқтату туралы талап тілек түсті.   

Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылып жатқан адам, жоғарыда көрсетілген талап тілекпен келісті.

ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1-бөлігі бойынша азамат П.-ға қатысты әкімшілік іс, тараптар медиация тәртібімен келісімге келгеніне байланысты тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі