«Соттағы ішкі тәртіп ережелері» тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында «Соттағы ішкі тәртіп ережелері» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы А.Әбдіров, күзет қызметінің қызметкерлерімен кеңсе мамандары қатысты.

Семинар барысында төраға А.Әбдіров,  соттың үй-жайын күзеттің қатаң бақылауын, арақ ішкен қалпында, есірткі немесе улы заттар қолданып мас күйінде келген тұлғаларға, келбеті қоғамдық қасиет пен адамгершілік намысты қорлайтын және сырт киімдері санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін тұлғаларға, заңды өкілі немесе мұғалімнің ертіп жүруінсіз келген 16 жасқа толмаған тұлғаға, хайуандармен келген келушілерге сот ғимаратына кіруіне болмайтындығын, ішкі тәртіптің сақталуын атап өтті. Осыны қатаң басшылыққа алып, сот қызметкерлері мен сотқа келушілер ғимаратқа кіру тәртібін күзет қызметінің өкіліне қатаң бақылауға алу туралы ескертті.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ішкі тәртіп бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі