Сотпен медиациялық келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Дара кәсіпкер Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «А» ЖШС-нен  2 925 000 теңге берешек сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінді, онда №117 көлік құралын жалдау шарты бойынша міндеттеменің орындалмағандығын көрсеткен.

 Тараптар арасында келесі шарттармен медиациялық келісімі бекітілуіне байланысты азаматтық іс тоқтатылды: жауапкер 2016 жылғы 26 қазандағы №117 жүккөтерімі 25 тонна автокранды жалдау қызметі үшін 2 925 000 (екі миллион тоғыз жүз жиырма бес мың)  теңге көлемінде берешек сомасын медиацялық келісімді бекіту туралы ұйғарым шыққан мерзімнен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде төлеуге міндеттенеді, ал талап қоюшы талаптарынан толық көлемде бас тартады.

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітілді.

29 250 (жиырма тоғыз мың екі жүз елу) теңге көлемінде мемлекеттік баж сомасы қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі