Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотымен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1 бөлігімен  И. жөніндегі әкімшілік іс қаралды, себебі И. азаматтық іс бойынша жауапкер ретінде сот ғимаратына алкогольдік ішімдік  ішкен мас күйінде келіп, өзінің іс-әрекетімен сотқа құрметтемеушілік білдірді.                             

Сот отырысында құқық бұзушы И. өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетіндігін көрсетті.                                                         

Сот қаулысымен құқық бұзушы И. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен айыпталып, бұрын бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, олар бойынша айыппұлдарды төлемегенін ескеріп, оған шара ретінде 4 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға түріндегі әкімшілік жаза берілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.                                                           

Хромтау аудандық сотымен 2017 жылы 9 ай ішінде сот мәжілісіне алкогольдік ішімдік ішкен күйінде келуі және себебсіз сот отырысына келмегендеріне байланысты ҚРӘҚБтК-нің 653- бабы бойынша 10 іс қаралды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі