Мұғалжар аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында  2017 жылдың  9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізді.

Аталған баспасөз мәлихатына сот төрағасы С.З.Тасымбетов және «Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газетінің редакторы А.Есқара қатысты.

Кездесуде сот төрағасы аудандық соттың 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс нәтижесіне тоқталып өтті.

Мұғалжар аудандық сотымен 2017 жылдың 9 айында  қаралған істердің статистикалық мәліметі келесідей. 2017 жылдың 9 айында  99 тұлғаға қатысты 88 қылмыстық іс, 1616 азаматтық іс, 734 әкімшілік істер  қаралған.  Бұл мәліметтер 2016 жылдың 9 айында қаралған істермен салыстырғанда  әкімшілік істер 109  іске және азаматтық іс бойынша 299 іске көбейгендігін көрсетеді.

Барлық істер бойынша қарау тәртібі мен мерзімдері бұзылмаған. Апелляциялық сатыда қаралған істер бойынша сот актілері бұзылмаған және өзгертілмеген.

Сонымен қатар «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы  1575  азаматтық талап арыздар мен арыздар және 734 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер түскен.

Сот төрағасы  С.З.Тасымбетов бүгінгі таңда барлық қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот отырыстары үн-бейне жазба құрылғысын қолданумен өткізілгендігін атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі