Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Т» ЖШС-нің «Д» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану  туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарымен, мемлекеттік сатып алу нәтижесін бекіту туралы шешімнің негізіде тараптар арасында 2017 жылғы 6 ақпанда №55 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған., оның талаптарына сай жауапкер талап қоюшының тапсырысы бойынша 15 күнтізбелік күн ішінде жалпы сомасы 2 597 198, 85 теңгеге тауар жеткізуге міндеттенгені анықталды. Сонымен қатар,  27 067,5 теңге сомасына ауыр бетон жеткізілімі туралы  2017 жылғы 16 маусымдағы тапсырыс пошта арқылы 2017 жылғы 19 маусымда жауапкерге тапсырылған.

Жауапкермен жасалынған шартқа байланысты міндеттемелер қазіргі таңға дейін орындалмаған. Жауапкер міндеттемелерін орындамағандықтан, сот талап қоюшының талабы негізді деп есептейді.

Сот шешімімен «Б» ЖШС-гі мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі