Мемлекеттік сатып алу қорытындыларын даулау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ, «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Ақтөбе қаласы Білім басқармасы» ММ, «Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» ММ өкілдері және сот судьяларының қатысуымен «Мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тексеру қорытындысын даулау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Баяндамашы судья Бисенова Л.М мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тексеру қорытындысын даулау тәртібі мен мерзімі туралы айтып, аталмыш санатқа байланысты Ақтөбе облысының МАЭ сотында қаралған істердің статистикалық мәліметтерімен таныстырды. Мәліметке сәйкес мемлекеттік сатып алуға байланысты істер саны төмендеуін байкауға болатындығын атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында сот судьялары және шақырылғандар осы мәселеге байланысты туындайтын қиындықтар мен түсініспеушіліктерді талқылады.

Іс-шараның соңында төрағалық етуші барлық қатысушыларға келгендері үшін алғысын білдіріп, аталмыш санаттағы мәселелерді шешу жолдарын бірге табуға шақырды.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі