Архив событий

04/05/2017

Медиация тәртібінде

04/05/2017

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 131-бабы 1-бөлігімен (қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) айыпталған Ә. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша Ә. 12.03.2017 ж. 00-30 сағат шамасында, З. ұялы телефонына қоңырау шалып, оны лас сөздермен балағаттап, қорлаған, яғни оның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiткен.

Ашық есік күні

04/05/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық соты ғимаратында «Ашық есік күні» өтті. Дәстүрлі шара аясында азаматтарды аудандық соттың төрағасы Н. Аманкулова қабылдады.

«Ашық есік күні»  халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізілді.

2017 жылғы төрт айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті

04/05/2017

Ырғыз аудандық сотының төрағасы А.М.Бисенгали аудандық соттың 2017 жылғы төрт айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы туралы баспасөз конференциясын өткізді. Аталған шараға аудандық «Ырғыз» газетінің тілшісі Т.Ақдәулетұлы қатысты.

Баспасөз конференциясы барысында сот төрағасы соттың аталған кезенде атқарған жұмысының қорытындылары және негізгі көрсеткіштері жайлы айтып өтті.