Архив событий

05/05/2017

Жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар

05/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  судьясы Жанар Сүюбайқызы Жұбатова    «РИКА-ТВ» каналының тікелей эфирінде «Из первых рук» бағдарламасында «Жер құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар» туралы ақпарат берді.

Байғанин аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

05/05/2017

Байғанин аудандық сотында 2017 жылы 1-ші тоқсанда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша Байғанин аудандық қоғамдық-саяси «Жем-Сағыз» газетінің редакторы Ұ.Қ.Қадірдің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді.

Алға аудандық соты қарыз еңбек ақысын өндірді

05/05/2017

Алға аудандық сотымен талап қоюшы К.,, Д., И.-дың жауапкер  жұмыс беруші  Н.-нен  қарыз еңбек ақыларын және моралдық зиянды өндіру туралы  азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында тараптардың аралығында 2016 жылы  еңбек ақы мөлшері және төлеу тәртібі туралы  ауызша келісілгені, бірақ еңбек шарты жасалмағаны анықталған. Талап қоюшыларға жауапкер еңбек ақы төлемеген, осыған байланысты олар сотқа талап арызбен жүгінген.

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы «Адам және Заң» бағдарламасында болды

05/05/2017

Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Ермек Жаңбырбайұлы Махметов «Қазақстан-Ақтөбе» телерадиокомпаниясы АҚ-ның «Адам және Заң» бағдарламасына  «Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру жоспары бойынша әкімшілік заңнаманы ізгілендіру» тақырыбымен шықты.