Архив событий

10/05/2017

Тиісті тіркеусіз, лицензиясыз кәсіпкерлікпен айналысып, мөлшерлеме қою ойынын ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

10/05/2017

Байғанин аудандық сотында К.Т.-ға қатысты ойын бизнесі саласында тиісті тіркеусіз, лицензиясыз кәсіпкерлікпен айналысу дерегі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының тақырыптық салық тексеріс жүргізуі барысында құқық бұзушы К.Т.-ның тіркелмей лотерея клубын (букмекер кеңсесін) ашып, тиісті тіркеусіз, лицензиясыз, кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталған.

Бейне-байланыс жүйесі арқылы сот процесі өтті

10/05/2017

Мұғалжар аудандық сотында тергеу абақтысында отырған адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бейне - байланыс арқылы қаралды.

Қазіргі уақытта барлық деңгейдегі соттарда бейне - байланыс жүйелерімен жарақтандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, бейне - байланыс жүйесі тергеу абақтысында немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында  ұсталған адамдарға қатысты сот отырысын өткізуге мүмкіндік береді.

Қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдік ішкен немесе масаң күйде келгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

10/05/2017

Байғанин аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 440-бабы 4-бөлігімен (бір жыл ішінде үш рет қоғамдық орындарға алкогольдік ішімдік ішкен немесе масаң күйде келу) Ә.О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, Ә.О. бұрын қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жаза қолданылған адам бола тұра, қайталап қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталған.

«Біз бірге жемқорлыққа қарсымыз» атты сайыс өткізілді

10/05/2017

Мұғалжар аудандық сотының ұйымдастыруымен Қандыағаш қалалық №1 орта мектебінде 9-ші сыныптар арасында "Біз бірге жемқорлыққа қарсымыз" атты тақырыбында іс-шара өтті.

Шараға Мұғалжар аудандык сотының бас маманы А.Е.Аралбаева, "Нұр Отан" партиясының кеңес берушісі С.Жетпісбаева және жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция тобының аға инспекторы полиция капитаны С.С.Абдиров қатысты.