Архив событий

26/05/2017

Бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза тағайындалды

26/05/2017

Ырғыз  аудандық сотында Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігімен  (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру), жасаған әрекеттер бойынша  қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 2017 жылғы 17 ақпанда  сағат 16-30 шамасында Н.М.Курпешов бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында Ырғыз ауданы, Ақши ауылына қарасты «Ақши-2» қыстағының оңтүстік шығыс бағытында төрт шақырым жердегі  Т.-ның иелегіндегі бір бас сиыр малын жымқырып алып кетіп, жәбірленуші Т.-ға сексен мың теңгеге материалдық залал келтірген.

Сот жұмысшылардың бұзылған құқықтарын қорғады

26/05/2017

Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық сотында талап қоюшылар  К. және А.-ның жауапкер «Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы» КМК-на жұмыстан шығару туралы бұйрықты заңсыз деп танып, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыздан жұмыссыз жүрген уақыттарына жалақы және моральдық зиян өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Істің мән-жайына келсек, талап қоюшылар  К. және А.  «Мұғалжар аудандық орталық ауруханасы» КМК-на 2007 жылдан бастап есеп айырысу есепшісі  лауазымына жұмысқа қабылданған.

Оңалту мен банкроттық туралы азаматтық істерді қарау ерекшелігі

26/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ақтөбе облысы мемлекеттік кірістер Департаменті» өкілі Ө.Е.Көбейсін,  «Ақтөбе қаласы мемлекеттік кірістер Басқармасы» өкілдері К.Ж.Шалаев, Н.Тулетова, «ФортеБанк» АҚ өкілі Б.Б.Аминов, банкроттықты басқарушылар Н.Б.Тубетов, Ж.З.Наурызалиев, А.Т.Есбергенов, К.Байдуллин, Ақтөбе облыстық соты судьясы Ж.К.Алишева және сот судьяларының қатысуымен «Оңалту мен банкроттық туралы азаматтық істерді қарау ерекшелігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Соттың жеке ұйғарымы

26/05/2017

2017 жылдың 25 мамырында  Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  судьясы Айнұр Аманжанқызы Имантаева «РИКА-ТВ» каналының тікелей эфирінде «Из первых рук» бағдарламасында «Соттың жеке ұйғарымдары» туралы ақпарат берді.

Тікелей эфир басында судья соттың жеке ұйғарымы ұғымына түсінік берді. Азаматтық процестік кодексінің 270-бабымен реттелген тәртіппен шығарылатын жеке ұйғарым, заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде шығарылады.

Сот тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша бітімгершілік келісімді бекітті

26/05/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы М.-ның  жауапкер «А.» ЖШС-дан 600 000 теңге көлемінде материалдық залал мен 400 000 теңге көлемінде моральдық зиянды өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Қылмыстық іс бойынша тараптар бітімгершілікке келді

26/05/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлімінің 1), 3) тармақтарымен (ұрлық) С.-ға және  жасы кәмелетке толмаған А.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Өзін-өзі асырау үшін алимент

26/05/2017

Алға аудандық сотында Ш.-ның талап қою арызы бойынша А.-ға қатысты өзін-өзі асырау үшін алимент өңдіру туралы азаматтық іс қаралды.

Шалқар аудандық сотында брифинг өткізілді

26/05/2017

Шалқар аудандық сотында жергілікті «Шалқар» газетінің өкілі Қ.Алинның қатысуымен брифинг өткізілді.

Кеңсе меңгерушісі Н.С.Ерниязова 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап Ақтөбе облысы бойынша соттары  азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша дауларды міндетті түрде медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруға кіріскенін айтты.          

«Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

26/05/2017

Алға аудандық  сотында  «Азаматтық процестегі татуластыру рәсімдері», «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереженің талаптары» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді.

«Соттың жеке ұйғарымы, жеке қаулысы және оның ықпалы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

26/05/2017
Қобда аудандық сотында «Соттың жеке ұйғарымы, жеке қаулысы және оның ықпалы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қобда ауданы прокурорының аға көмекшісі Л.Тайланова, ІІБ және  әкімдік қызметкерлері, Әділет басқармасы, Кірістер басқармасы, «Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің өкілдері мен жеке сот орындаушы З.Умарова қатысты.

Жол қозғалысы ережесінің талабын бұзған

26/05/2017

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің  596-бабының 3-бөлігі  (егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзды

26/05/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша У-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, онда 2017 жылдың 5 сәуірінде ол Ресей Федерациясының азаматтығын алып, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқанмен заңнамада белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алғаны туралы фактіні Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе шекаралық мекемелерге хабарламаған, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496 бабының 2-бөлімінде (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактіс

Алға аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

26/05/2017

Алға аудандық сотында сот төрағасының өкіміне сай,  әр айдың екінші бейсенбісі  «Ашық есік күні» деп белгіленді.

Іс-шараның мақсаты – сот жүйесінің  жұмысына сенімін арттыру,  сот имиджін көтеру, сот қызметімен таныстыру, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және әділдік пен заңдылық  өмірдің  ұстанымы екендігін түсіндіруге бағытталған.

Алға аудандық сотында 23.05.2017 жылы «Ашық есік күні» өткізіліп сот төрағасы Е.С. Мұратқанов  азаматтарды қабылдауды жүргізді.