Архив событий

23/05/2017

Қарыз сомасы оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу арқылы өндірілді

23/05/2017

Қарғалы аудандық сотында талап қоюшы Б. жауапкер С-нен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу арқылы қаралды.

Өз талап арызында, талап қоюшы Б. жауапкер С-ге  23.05.2016 жылы 200 000 теңге қарызды 01.08.2016 жылға дейін берген. Алайда, жауапкер өзіне алған міндеттеме бұзып, аталған соманы қайтармаған.  Осыған байланысты талап қоюшы сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

Сот актісін орындамағаны үшін әкімшілік қамауға алды

23/05/2017

Байғанин аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) М.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қобда аудандық сотында «Дауларды шешуде баламалы тәсілдерді дамытудың тиімділігі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

23/05/2017

Қобда аудандық сотында «Дауларды шешуде баламалы тәсілдерді дамытудың тиімділігі»  тақырыбына «дөңгелек үстел»  өткізілді.

Іс шараға  аудандық соттың төрағасы А.Анарбаев, судья Ш.Есжанова, адвокат Ж.Сарбасова, Қобда ауданының ІІБ-нің тергеушісі А.Жылқайдар, кәсіби емес медиаторлар С.Даржанов, А.Калдыбаев, «Қобда» газетінің тілшісі А.Егізбай қатысты.

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды, үкімдерді орындауға жолдау» тақырыбында семинар өткізілді

23/05/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында сот мамандарымен «Электрондық үлгіде сот актілерін, атқару құжаттарын, қаулыларды, үкімдерді орындауға жолдау» тақырыбында  семинар өтті.

Кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Г.Бисенова семинарға қатысушылардың назарына «Төрелік» АЖ-ның сот ісін жүргізу бойынша нұсқаулығын зерделеуді ұсынды.

5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

23/05/2017

Қарғалы  аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабының 4-бөлігімен (осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер)  Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Билік өкiлiн қорлау

23/05/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында Н. қатысты  Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодексінің 378-бабының  1-бөлігімен (билік өкiлiн қорлау)  қылмыстық іс қаралды.       

Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

23/05/2017

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) С.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

23/05/2017

Хромтау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 465-бабының 2-бөлігімен рұқсат берудің тәртібін және мерзімін бұзу фактісі бойынша лауазымды тұлға А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібіндегі пилоттық жоба аясында қаралды

23/05/2017
Талапкер Б. жауапкер Б.-ға неке бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.
Сотпен тараптарға пилоттық жобаны іске асыру туралы медиацияның артықшылықтары түсіндірілген хабарлама жолданып, медиативтік келісімді бекітудің және істі өндірісімен тоқтатудың салдары түсіндірілді.
Содан кейін, тараптардан дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берілген.

Медативтік келісім бекітілді

23/05/2017

Елбасының республика судьяларының VII съезінде берген тапсырмасын жүзеге асыру және медиацияны қолдану аясын кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізуге байланысты пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2017 жылғы 26 қаңтардағы өкімімен бекітілген.

Медиация тәртібімен қылмыстық іс тоқтатылды

23/05/2017

Шалқар аудандық сотында медиация тәртібімен қылмыстық теріс қылық туралы іс өндірістен тоқтатылды.

Сотталушы Б. 04.05.2017 ж. сағат 02.30-шамасында Шалқар қаласындағы мекен-жайында орналасқан тұрғын жайда зайыбы Н.-ге күш көрсетіп ұрып-соққан.

Сөйтіп, ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған деп  жекеше түрде айыпталған.

Сот лауазымды тұлғаға айыппұл салды

23/05/2017

Хромтау аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 465-бабының 2-бөлігімен рұқсат берудің тәртібін және мерзімін бұзу фактісі бойынша лауазымды тұлға Г.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.