Архив событий

29/05/2017

«Соттарда процеске қатысушылар арасында сауалнама жүргізілу» туралы тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді

29/05/2017

2017 жылы 29 мамырда  Мәртөк аудандық сотында «Соттарда процеске қатысушылар арасында сауалнама жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс шараға  сот төрағасы М.Дүйсен, Мәртөк аудандық прокурордың аға көмекшісі С.Тажгулов, қорғаушылар Н.Кульжанов, А.Турмагамбетов және  кеңсе меңгерушісі Д.Бекмухамбетова қатысты.

ҮЕҰ өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

29/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге  «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ-нің өкілі және сот судьялары қатысты.

Баяндамамен судья Ләззат Мырзалықызы Бисенова бөлісті. Баяндама басында, гендерлік саясат ұғымына түсінік беріп өтті, гендерлiк саясат дегеніміз - қоғамның барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Баланың тұрлығықты жерін айқындау туралы дау медиация тәртібімен реттелді

29/05/2017

Ақтөбе облысы Әйтекеби аудандық сотымен талап қоюшы У. жауапкер Т. кәмелетке толмаған баласы Ж.-ның тұрғылықты жерін айқындау туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы У. жауапкер Т. заңды некеде тұрғанын, жауапкермен өз ара келіспеушіліктің салдарынан бөлек тұратынын, жауапкердің тұрғылықты жерінде 04 қараша 2013 жылы туған кәмелетке толмаған баласы Ж. қалғанын, осы күнге дейін баланы қайтаралмай жүргені анықталды.

Дау медиация тәртібінде шешімін тапты

29/05/2017

Ж. сотқа Н.-нан жол-көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген шығынды, өсімді және сот шығындарын өндіруді сұрап сотқа жүгінді.

Сот отырысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, сотқа ұсынды. Келісім шарттарына сәйкес жауапкер Н. келтірілген шығын есебіне талап қоюшыға 1.700.000 теңге береді, өз кезегінде талап қоюшы Ж. барлық талаптарынан бас тартады.

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

29/05/2017

Сот төрағасы А.Балмұханов  Хромтау аудандық сотында  «Ашық есік күні» өткізді. Бұл шарада жеке сот орындаушылардың қызметі және сот шешімін орындау сұрағы жөнінде 1956 жылы туылған  С. азаматшасын   сот төрағасы А.Балмұханов қабылдады.

Пилоттық жоба аясында дөңлекет үстел өткізілді

29/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ-нің кәсіби медиаторы  К.Ұ.Каусова, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Батыс Қазақстан аумақтық филиалы кәсіби медиаторы А.Ж.Таласбаева, «Медиаторлардың Ұлттық Палатасы» кәсіби медиаторы С.Ш.Тулькубаева, «Халык-Казахинстрах» АҚ заңгері А.М.Иржанов, «Сәлем» сақтандыру компаниясы заңгері С.Н.Избаев, «Шаруа қожалығын қаржылық қолдау қоры» АҚ өкілі Г.А.Сарсекова және сот судьяларының қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейі