Архив событий

02/05/2017

Ақтөбе қалалық сотында еңбек дауы бойынша бітімгершілік келісім бекітілді.

02/05/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы В.-ның жауапкер «А. Ж. І» ЖШС-дан еңбекақыны және моральдық зиянды өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында анықталғандай, талап қоюшы В. жауапкер «А. Ж. І» ЖШС-да 2015 жылғы сәуір айынан 2016 жылғы наурыз айына дейін қызмет атқарған. Алайда, 11 ай бойы еңбекақысы төленбеген.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақтау мәселелері бойынша семинар

02/05/2017

Мұғалжар аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақтау» тақырыбында дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.

Аталған шараға сот төрағасы, судьялар,  аудандық прокуратурасы өкілдері, Қандыағаш станциясының желілік және аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелерін талқылау, орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау.

Үйге кіргізу туралы дау медиация тәртібімен реттелді

02/05/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Т.-ға үйге кіргізу туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өз  талап арыз талаптарын ата-анасы қайтыс болғаннан кейін өзінің үйдің ¼ бөлігіне мұрагерлік құқығына енгендігімен уәждеді. Қазіргі кезге дейін берілген үйде мұрагерлік бойынша ¾ үлеске ие жауапкер тұрды. Тараптар талап қоюшыға тиесілі мұрагерлік үлес бойынша ортақ шешімге келмегендіктен, талап қоюшы соттан берілген үйдің өзіне тиесілі бөлігіне кіргізуді сұрады.

Шалқар аудандық соты ардагермен кездесу өткізді

02/05/2017

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай  Шалқар  аудандық сотының ұжымы Шалқар қаласының тұрғыны,  тыл ардагері 01.04.1923 жылы түған Нурия Мендигалиевна Темиргалиеваның үйіне барып ардагерді мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында сот төрағасы О.Бақтыгереев  Ұлы Отан Соғысы мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсету бұл  болашақ ұрпақты патриот болуға және ерлік жасауға тәрбиелеу болып табылады деп көрсетті.