Архив событий

25/05/2017

Көші-қоны туралы заңнама талаптарын бұзған

25/05/2017

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен  (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша әкімшілік іс қара

Әйтеке би аудандық сотында «Мемлекеттік тілді дамыту» тақырыбына семинар өткізілді.

25/05/2017

Семинарға сот төрағасының м.а. Қ.Т.Әбдіхалықов, кеңсе меңгерушісі Б.Сарсенбаева, кеңсе мамандары және ҮЕҰ өкілдері Л.Куприй, Б.Саймагамбетова қатысты.

Семинар барысында сот төрағасының м.а. Қ.Т.Әбдіхалықов өткізіліп отырған іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын айқындап, сот ісін жүргізудің тілін таңдау еріктілік қағидасын ұстану істің мән-жайларын дұрыс анықтауға, заңды және негізделген шешімдерді шығаруға жағдай жасап, сот қорғауының қол жетімділігін қамтамасыз ететінін атап өтті.

Қобда аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

25/05/2017

Қобда аудандық сотында аудандық прокуратурасының прокуроры С.Тлеулесовтың, Қордай АІІБ-ң қызметкерлері Н.Ульяновтың, М.Майлыбаевтың, Б.Серкешовтың  және БАҚ-ның өкілдерінің қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Жылдамдықты асырғаны үшін жауапталды

25/05/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталған азамат М-ның өтініші бойынша оған қатысты әкімшілік іс қаралды.        

Өрт қауіпсіздігін сақтау

25/05/2017

Мұғалжар  аудандық сотында «Өрт қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Шараға Мұғалжар аудандық  төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері  А.Жаналин, аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Т.Иманбекова және сот қызметкерлері   қатысты.

Шара  барысында Мұғалжар аудандық  төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері  А.Жаналин «өрт қауіпсіздігін сақтау» туралы  баяндамасында  өрт кезінде сақтық шараларын қолдануды және өрт сөндіру ұнтағын қалай пайдалануды айтып көрсетті.

Лицензия қолданысы тоқтатылды

25/05/2017

Мұғалжар аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 3-бөлігі бойынша жеке кәсіпкер Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сай, жеке кәсіпкер Д. өзінің кәсіпкерлік қызметін Қандыағаш қаласында орналасқан «Д.» дүкенінде жүзеге асыра отырып, азық-түлік дүкенінде 21.04.2017 жылы, сағат 23.40 шамасында, азамат Н.-ға  арақ сатып,  Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған.