Архив событий

15/05/2017

Оңалту мен банкроттық туралы азаматтық істерді қараудың ерекшеліктері

15/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  судьясы Алғабек Мырзамұратұлы Жүсіпов «РИКА-ТВ» каналының тікелей эфирінде «Из первых рук» бағдарламасында «Оңалту мен банкроттық туралы азаматтық істерді қараудың ерекшеліктері» туралы ақпарат берді.

Тікелей эфир барысында судья банкроттық пен оңалту туралы сұрақтарға жауап берді, оның ішінде:

Тұрғын үй алушылар қатарына кезекке қалпына келтірілді

15/05/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында Ғ. талап арызы бойынша «Қарғалы аудандық тұрғын-үй шаруашылық жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары» ММ-не тұрғын үй алушылардың тізіміне қайта қалпына келтіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Абдуллина студенттерге арналған көшпелі дәріс өткізді

15/05/2017

Ақтөбе облысының Жоғарғы оқу орындарында сот жүйесінің жұмысы туралы іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес, 2017 жылғы 12 сәуірде Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Абдуллина С.Бәйішев атындағы университеттің Заң факультетінің студенттерінің қатысуымен «Ұлт Жоспары: заңның үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбында көшпелі дәріс өткізді.

Студенттермен кездесу барысында Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Абдуллина «Сот жүйесіне бекітілген Ұлт жоспарының қадамдары» тақырыбандағы баяндамасымен бөлісті.

Сома өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды

15/05/2017

«Т» ЖШС-гі Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «М» ЖШС-нен  20 693 801 (жиырма миллион алты жүз тоқсан үш мың сегіз жүз бір) теңге көлеміндегі қарыз сомасын өндіру жөнінде сот бұйрығын шығару туралы талап арызымен жүгінді. 

Сотпен тараптар арасында 2012 жылғы 1 наурыздағы №28 шарты жасалғандығы анықталған. Жауапкер «М» ЖШС-гі талап қоюшы «Т» ЖШС-гі алдындағы қарызын мойындайды, ол 01.01.2013 жылдан 23.01.2016 жыл кезеңдегі салыстыру актісімен расталады.

«Нұр Отан» партиясында өткізілген қоғамдық қабылдау

15/05/2017

«Нұр Отан» партиясы Ойыл аудандық филиалы ғимаратында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру» тақырыбында түсіндіру жұмыстары және қоғамдық қабылдау өткізілді. 

Ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілік

15/05/2017

Қобда аудандық сотымен   Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің  434-бабының 2-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  Ш.-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Өзбекстан азаматы жұмысқа орналасуға рұқсат алмастан, жұмыс жасаған

15/05/2017

Әйтеке би аудандық сотында Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік іс қаралды.

«Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті

15/05/2017

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың төрағасы А.А.Әбдіров әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік іс қаралғанын айтты.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра көлікті мас күйінде басқарған

15/05/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  608-бабының  6-бөлімімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер) азамат А.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Мемлекеттік сатып алу қорытындыларын даулау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

15/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ, «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Ақтөбе қаласы Білім басқармасы» ММ, «Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» ММ өкілдері және сот судьяларының қатысуымен «Мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тексеру қорытындысын даулау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Судья кездесу өткізді

15/05/2017

Мәртөк аудандық сотының судьясы Е.Нуршарыпов Мәртөк ауылының №1 орта мектебінде оқушылардың ата-аналар арасында  түсіндіру жұмыстарын өткізді.