Архив событий

22/05/2017

Сот ақтау үкімін шығарды

22/05/2017

Жекеше айыптаушы Д. сотқа жекеше айыптау тәртібімен шағым жазып, ол бойынша Шалқар ауданы, Бегімбет ауылында Ж.-нің басқаруындағы УАЗ маркалы автокөлігімен ауыл шетіндегі темір жол вокзалына бара жатқанда Т.-мен екеуі сөзге келіп айқайласып қалғанда, Т.-нің оған  күш қолданып қолымен бет тұсынан ұрып-соғып, оның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген деген негізбен Т.-ні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) жеке түрде айыптаған.    

Ойын-сауық мекемесінде кәмелетке толмағанның заңды өкілісіз жүруі

22/05/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132- бабының 1-бөлігімен  азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету ережесі

22/05/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында 2016 жылғы 2 маусымдағы       № 13762 санды  Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министірлігінің бұйрығымен бірлесе бекітілген, 2016 жылғы 3 мамырдағы № 6001-16-7-6/183 санды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ғимараттары мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Аталған шараға  судья Ж.Кунаева, сот мамандары, аға сот приставы  мен ҚР ІІМ-нің Мұғалжар аудандық МКҚБ-нің  1ПБ 9-взвод қызметкерлері  қатысты.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын қолданумен байланысты даулар

22/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық соты соты судьялары бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл және халыққа ақпарат беру мақсатында апта сайын «РИКА-ТВ» каналының тікелей эфирінде «Из первых рук» бағдарламасында осы сотпен қаралатын даулардың аясында жүргізушінің сұрақтарына жауап береді.

Ағымдағы апта бұл үрдісті судья Шарипова Мария Қуанышқызы жалғастырды. Судья Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңын қолданумен байланысты даулар жөнінде ақпарат берді.

Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, ішімдік ішкен күйінде басқарған

22/05/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің  346-бабының  1-бөлімімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы), азамат Ш.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

22/05/2017

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы 6-бөлігімен қозғалған аз.А-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды-көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру.

«Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру» тақырыбында өңірлік семинар өтті

22/05/2017

 

Ақтөбе облыстық сотының бастамасымен Мұғалжар аудандық сотында  «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру» тақырыбында өңірлік семинар  өтті.