Архив событий

11/05/2017

Медиациялық келісімнің артықшылығы

11/05/2017

Қобда аудандық сотымен   талап қоюшы С-ның жауапкер Ш-ға берген некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Өзінің  арызында талап қоюшы С.  жауапкер Ш-мен 2009 жылдың 26 қаңтарынан бастап  заңды некеге тұратындарын, осы некеден кәмелетке толмаған екі балалары барын, өзара түсіністік болмау себебіне байланысты жауапкермен бірлесіп өмір сүру мүмкін еместігін келтіріп, араларындағы некені  бұзуды сұрап сотқа жүгінген.

Атқару парақтарды толтыру бойынша семинар өткізілді

11/05/2017

Мәртөк аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Атқару құжатының деректемелерді толтыру және атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы сот актілерін орындауға жолдау» тақырыбында семинар өтті.

Судьялардың мамандандырылған құрамы қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

11/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында   Ақтөбе облыстық соты судьяларының мамандандырылған құрамы және сот судьяларының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында судьялар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы» қаулысын талқылады, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен Азаматтық процестік кодексі бойынша сұрақтар қарастырып және тапсырмалар шешті.

Қарыз сомасы өндірілді

11/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 15.06.2016 жылғы әуе-химиялық жұмыстар орындау туралы келісім-шартын негізге ала отырып, «А» ЖШС-гі  «В» ЖШС-нен  4 292 250 (төрт миллион екі жүз тоқсан екі мың екі жүз елу) тенге мөлшерінде қарызды және   1 036 663 (бір миллион отыз алты мың алты жүз алпыс үш) теңге мөлшерінде тұрақсыздықты және сот шығындарын өндіру туралы талап арызымен жүгінді. «А» ЖШС келісім-шарт бойынша өз міндеттерін толық көлемде орындаған. Алайда, жауапкер қазіргі уақытқа дейін қарызының қалған бөлігін төлемеген.

Ресей Федерациясы Орынбор облысының тұрғыны мемлекеттік органының актісіне шағым келтіру тәртібі бойынша сұрақпен жүгінді

11/05/2017

Мәртөк аудандық соты 04.01.2017 жылғы сот төрағасының өкіміне сай, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу мақсатында, әр айдың екінші сәрсенбісі  «Ашық есік күні» деп белгіленді.

Іс-шараның мақсаты – сот жүйесінің  жұмысына сенімін арттыру,  сот имиджін көтеру, сот қызметімен таныстыру, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және әділдік пен заңдылық  өмірдің  ұстанымы екендігін түсіндіруге бағытталған.

Қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды

11/05/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Н» ЖШС-гі  «М» ЖШС-нен  34 282 197, 55 (отыз төрт миллион екі жүз сексен екі мың жүз тоқсан жеті теңге елу бес тиын) мөлшерінде қарызды өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Сот 16.05.2016 жылғы жеткізілім шартына байланысты талап қоюшы тауар жеткізуге, ал жауапкер қабылдап және төлем жасауға міндеттенгенін анықтады. Талап қоюшының міндеттері тиісті түрде орыдалғаны жөнелтпе құжатпен расталалған. Бірақ, жауапкермен тек ішінара төлем жасалған.

«Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

11/05/2017

Қарғалы аудандық сотының төрағасы Н.Аманкуловамен адвокат Б.Тастемиров, ІІБ қызметкерлері, медиатор Қанкелді С, Әділет басқармасының қызметкері, кеңсе меңгерушісі Р.Жонисова, ҮЕҰ және сот мамандарының қатысуымен «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Студенттермен кездесу

11/05/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақ гуманитарлы заң колледжі «Құқықтану» мамандығының 2 курс орыс бөлімінің студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Төраға м.а. Мулдагалиев А.К. «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру және азаматтардың сот жүйесіне сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Мұғалжар аудандық сотында оқушыларға экскурсия өткізілді

11/05/2017

Мұғалжар аудандық сотымен «Сот жүйесінің жетістіктері» атты тақырыпта Қандыағаш қаласының №3 орта мектебі оқушыларымен кездесу өтті.

Судья Ж.М.Сейтжапаров өз сөзінде, сот жүйесіне  кәсіби деңгейлі мамандарды даярлау сот саласындағы біліктілікке, жоғарғы стандарттарға жетуге, әдепке, кәсібилікке, сот саласының тәуелсіздігі мен ашықтығына және  құқықтық  реформаның көптеген сұрақтарының шешілуіне ықтимал болатындығын айтты.

Дау медиация тәртібімен реттелді

11/05/2017

Қарғалы аудандық сотында Т. мен М. арасындағы некені бұзу туралы азаматтық іс, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жоба аясында қаралды.

Азаматтық процестік кодексінің 165-бабының 16-тармақшасына сәйкес және пилоттық жобаны іске асыру мақсатында тараптарға татуласу рәсімдерін қолдану мүмкіндіктері туралы хабарлама жолданған.

Сот қызметкердің еңбек құқықтарын қорғады

11/05/2017

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы К.-нің жауапкерлер ««ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҰСК» АҚ және «АМК» ЖШС-дан төленбей қалған еңбекақы түріндегі алынбаған табысты, бес еселенген жылдық табысы көлеміндегі біржолғы жәрдемақыны және моральдық зиянды өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Заң колледжінің студенттерімен кездесу өткізді

11/05/2017

Құқықтық сауаттылық  күндерін жүргізу шеңберінде сот төрағасы Ермек Кенжетайұлы Қанапиев    сот ғимаратында «Ақтөбе қаласы Қазақ гуманитарлық Заң колледжінің» 2-курс студенттерімен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында  Е.К.Қанапиев  Ұлт жоспары аясында сот жүйесін реформалаудың негізгі шараларымен таныстырып, құқық үстемдігі мен сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа Азаматтық процестік кодекске енгізілген жаңа нормаларына ерекше назар аударды.

«Парасат-Ғылым» қоғамдық бірлестік қызметкерлерімен кездесу өткізілді

11/05/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе бас маманы А.К.Жиембаева «Парасат-Ғылым» қоғамдық бірлестік қызметкерлері арасында «Алқаби туралы» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында кеңсе бас маманы А.К.Жиембаева «Алқабилер туралы» ҚР Заңына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алқабиге үміткер кім бола алатын туралы, олардың жұмысы және де мамандандырылған қылмыстық сотының жалпы жұмысы туралы атап өтті.

Сот 1 000 000 теңге моральдық залал өндірді

11/05/2017

Ақтөбе қалалық сотында А.-ның жауапкер ШЖҚ «Ақтөбе облыстық ауруханасы» МКК-дан 10 000 000 теңге көлемінде моральдық залал, 100 000 теңге көлемінде өкілдік шығындарды өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.