Архив событий

30/05/2017

Еңбек ақыны төлемегені үшін әкімшілік айыппұлға тартылды

30/05/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  87-бабының 1-бөлімі бойынша (жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі) шаруашылық субъектісіне (ЖШС) қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Дауды сотқа дейінгі реттеуді және татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел

30/05/2017

Ырғыз аудандық сотында мемлекеттік мекемелердің, ҮЕҰ филиалдарының өкілдерінің қатысуымен «Дауды сотқа дейінгі реттеуді және татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде жүргені үшін жауапкершілік

30/05/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының  4-бөлімімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) аз.М.-ға  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Ерлі-зайыптылардың неке бұзу туралы даулары медиация тәртібімен реттелді

30/05/2017

Ырғыз аудандық сотында талап қоюшы Қ. жауапкер Ә. екеуінің араларындағы некені бұзу туралы арызының негізінде азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар медиация тәртібімен реттелген бітімгершілік келісімін бекіту туралы талап-тілек қойып, медиативтік келісімнің талаптары бойынша талап қоюшы Қ. және жауапкер Ә. сотпен белгіленген мерзімде бір-бірімен татуласып, бір отбасы болып тұрып жатқандары анықталды.

Сот құқық бұзушылық жасаған затты тәркілеу мен айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады

30/05/2017

Шалқар аудандық соты балық аулау қағидаларын бұзғаны үшін азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Е. тыйым салынған құралдармен балық аулап, Қазақстан Республикасында белгіленген балық аулау қағидаттарының талаптарын бұзған.

Айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды

30/05/2017

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127 б. 1 б. (ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша Т.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Азаматша Т. кәмелетке толмаған В. анасы бола тұра, кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамаған және дәлелді себептерсіз 2016 жылдың қазан айынан бастап Бадамша агротехникалық колледжіне сабаққа бармаған.