Архив событий

24/05/2017

Әйтеке би аудандық сотында брифинг өтті

24/05/2017

 

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің бас редакторы Г.Н.Стручковтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингтте аудандық соттың төрағасы А.Әбдіров Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы)  қылмыстық іс қаралғанын айтты.

Сот қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартты

24/05/2017

Хромтау аудандық соты ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру фактісі бойынша Д.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес,  Д. 2017 жылдың сәуір айында өзінің танысы О.-ның үйіне келіп, кітап үстелінде кұны 34 000 теңгені құрайтын ұялы телефонды көргеннен кейін, оны ұрлап , кетуім керек деген сылтаумен үйден шығып, белгісіз бағытта кетіп қалған.

Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты. Келтірілген шығынды толық өтеген.

Шетел азаматы Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған

24/05/2017

Шалқар  аудандық соты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің»  517-бабының 2-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасы болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Өзбекстан Республикасының азаматына  қатысты әкімш