Архив событий

12/05/2017

Күзетiлетiн объектiге заңсыз кіру

12/05/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мемлекеттік кұзет күзететiн объектiге заңсыз кірген азамат К.-ге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 506-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз кіру) әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында құқық бұзушы өзінің жасаған әрекетін толық мойындады.

4 айында сотпен атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

12/05/2017

2017 жылдың 11 мамыр айында Әйтеке би аудандық сотында 2017 жылдың 4 айында сотпен атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараны сот төрағасы А.Әбдіров «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен өткізді.

Жол белгісінің талабын орындамағаны үшін жауапталды

12/05/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өзіне қатысты іс қозғалған азамат Ж-ның өтініші бойынша оған қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601 бабының 2-бөлімі (жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап сақтамау) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Оқушылардың қатысуымен ашық есік күні өткізілді.

12/05/2017

Қарғалы аудандық сотында Бадамша орта №1, №2 орта мектептерінің оқушыларына арналған ашық есік күні өткізілді. Аталған іс – шараға 37 жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Ашық есік күні барысында жоғарғы сынып оқушылары әкімшілік және қылмыстық іс бойынша ашық сот отырыстарына қатысты. Содан соң сот төрағасы Н.О.Аманкулова мен судья А.К.Шарипбаев оқушылардың қойған барлық сұрақтарына жауап берді.

«Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

12/05/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Мұғалжар аудандық прокуратура, қалалық және желілік ПБ, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері талқыланып, осы тақырыпта баяндамалар тыңдалды. Дөңгелек үстел қатысушылары баяндамаларды талқылауға белсенді қатысып, ондағы мәселер бойынша өз пікірлерін ортаға салды.

Мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел

12/05/2017
Ақтөбе қаласының №2 сотында «Гендерлік саясат» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға  сот төрағасының міндетін атқарушы А.Мұқанов, судьялар,  қала прокуроры, қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарлары, қорғаушылар қатысты.

Ойыл аудандық сотында семинар сабағы өтті

12/05/2017

Іс шараға  Ойыл аудандық сотының судьясы А.С.Төремұратова және сот мамандары қатысты.

Ойыл аудандық сотының төрайымы С.З.Танимова Ақтөбе облысы бойынша соттар әкімшілігінің 05.05.17 жылғы № 1599-17-5-20/2276 сот актілерінің орындалу рейтінгін жақсарту мақсатында жасақталған тапсырма хатын жариялап шықты.