Архив событий

19/05/2017

Ашық есік күні

19/05/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» ай сайын және азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 16.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Шара барысында сот төрағасы Н.Б.Ормаханов       әкелікті даулау туралы сұрағымен  келген  азамат Я.-ны қабылдады.

Қабылдау барысында Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің талаптарын түсіндіріді

«Әкімшілік процестік кодексі Қазақстандағы әкімшілік юстициясын құрудың негізі»тақырыбында дөңгелек үстел өтті

19/05/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік процестік кодексі Қазақстандағы әкімшілік юстициясын құрудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға Ақтөбе облыс судьялары, Ақтөбе облысының ІІД-нің, прокуратура және әділет органдарының өкілдері қатысты.

Соттың жеке және мемлекеттік сот орындаушыларымен қарым қатынастары» тақырыбына «дөңгелек үстел»

19/05/2017

Мәртөк аудандық сотында соттың жеке және мемлекеттік сот орындаушыларымен қарым-қатынастарының  сұрақтары бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Дүйсен, судья Е.Нуршарыпов, Мәртөк ауданы бойынша мемлекеттік сот орындаушысы Е.Сарманов және жеке сот орындаушылары Ш.Рабаева, И.Аткиев қатысты.

Балық аулау мерзімінің тоқтатылғанына қарамастан, тыйым салынған құралдармен балық аулап әкімшілік жауапкершілікке тартылды

19/05/2017

Ойыл аудандық сотында азамат Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 -бабының 3-бөлігімен ( әуіесқойлық (спорттық)  балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқада су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын,қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу жөніндегі) әкімшілік ісі қаралды.

Хромтау аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

19/05/2017

Сот төрағасы А.Балмұханов  Хромтау аудандық сотында  «Ашық есік күні» өткізді. Бұл шарада мұрагерлікті қабылдау және талап арызбен сотқа жүгіну жөнінде 1953 жылы туылған  Б.Х. азаматшасын   сот төрағасы А.Балмұханов қабылдады.

Шараның қорытындысы бойынша Б.Х.-ның әр сұрағына заңнамаға сәйкес толық түсіндірмелер берді.

Қобда аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

19/05/2017

Қобда аудандық сотында аудандық прокуратурасының прокуроры С.Тлеулесовтың, Қордай АІІБ-ң қызметкерлері Н.Ульяновтың, М.Майлыбаевтың, Б.Серкешовтың  және БАҚ-ның өкілдерінің қатысуларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.