Әкімшілік қамау түрінде жаза

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігі бойынша  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) құқық бұзушы У.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.                                         

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы А., көлік құралын  жүргізу құқығы жоқ адам бола тұра, 16.09.2017 жылы сағат 02.30 шамасында, Бадамша ауылы Жамбыл көшесінде «ВАЗ 21150» маркалы автокөлігін  алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушы А. өзінің кінәсін мойындап, автокөлікті жүргізу құқығы жоқ адам бола тұра алкогольдік масаң күйінде жүргізгенін, істеген іс-әрекетіне өкінетінін көрсетті.           

Судья қаулысымен құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды.  

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі