Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшының талаптары қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы К. жауапкер «Е.» АҚ-нан банктік қарыз шартын ішінара жарамсыз деп тану және ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы К.-ның өз талаптарын  жауапкер «Е.» АҚ-мен арасында банктік қарыз шарты жасалынғанын, ай сайын банк шотын жүргізген үшін банкке комиссия төлегенін негіздеп, шарттың аталған пункті заң талабына сәйкес келмейтіндіктен,жауапкерден банк шотын жүргізген үшін төленген 104 964  теңгені өндіруді сұраған.

Сот талап қоюшының талабын қанағаттандырып, К. мен «Е.» АҚ-ның арасындағы банктік қарыз шартының талаптарын ішінара жарамсыз деп таныды, сонымен қатар, талап қоюшы К.- ның пайдасына жауапкер «Е.» АҚ-нан банк шотын жүргізген үшін банкке комиссия үшін төленген 104 964 теңге және 2 215 теңге көлемінде мемлекеттік баж бойынша шығындар өндірілді.

Шешім  заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі