Ақтөбе қалалық сотымен шығынды өндіру туралы дау бейбіт тәртіппен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотына талап қоюшы Н. жауапкер Е.-ден сапасыз жасаған жөндеу жұмыстары салдарынан келген материальдық және моральдық шығынды өндіру туралы талап арызбен жолданды.

Алдын ала қарау барысында тараптар азаматтық іс бойынша сотқа татуласу келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгініп, ол бойынша: жауапкер Е. талап қоюшы Н.-ның талабын ішінара мойындап, оның пайдасына 2017 жылдың қазан айына дейін 50 000 (елу мың) тенге төлеуге міндеттенеді, ал талап қоюшы Н. іс бойынша бейбіт келісімге келуге байланысты жауапкер Е. талап арызынан толық бас тартты.

Сот ұйғарыммен тараптардың осы іс бойынша бейбіт келісімді бекіту туралы арызын қанағаттандырып, тараптардың бейбіт келісімі бекітілді және іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі