Ақтөбе қалалық сотымен шығынды өндіру туралы дау бейбіт тәртіппен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотына талап қоюшы Л. жауапкер В.-дан материальдық және моральдық шығынды өндіру туралы талап арызы жолданды.

Талап қоюшы өз арызында жоғарғы қабатта орналасқан жауапкер пәтерінен су тасқаны салдарынан материалдық және моралдық келтірілгенін негіздеген.

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы Л. жауапкер  В. материалдық және моралдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс бойынша тараптар арасында бітімгершілік келісіммен реттелген. Іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Татуласу келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгініп, ол бойынша: жауапкер В. талап қоюшы Л.-ның талабын ішінара мойындап, оның пайдасына 60 000 (алпыс мың) тенге төлеуге міндеттенеді, ал талап қоюшы Л. іс бойынша бітімгершілік келісімге келуге байланысты жауапкер В.-дан талап арызынан толық бас тартты. Талап қоюшы Л.ақша алғанан кейін қолхатты жазуға міндетелген.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі