Ақтөбе қалалық сотымен дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен  талап қоюшы К. жауапкер С.-нен тауарды қайтару және ақшасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы өз арызын, жауапкер оған алтын түсті құны 150 000  теңге тұратын Apple iPhone 6  -64 GB сатқанын негіздеп, осыған байланысты жауапкерден аталған соманы өндіруді сұраған.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы арызданып, медиация келісімі бойынша жауапкер С. талап қоюшы К.-тың  пайдасына 80 000 теңге соманы медиативтік келісімге қол қойған күннен  бастап төлеуді міндеттенді.  К. алынған ақша есебіне С. ұсынған «Instagram» әлеуметтік желідегі үш аккаунттың әр қайсысына 17 000 әлеуметтік желіні пайдаланушылармен тиісті геолокациямен толтыруға міндеттенді.   К. әлеуметтік желіні пайдаланушылардың санын толтыруды 2018 жылдың мамыр айына дейін орындауға міндеттенді.

К. шарттармен келісіп,талаптарынан толық көлемде бас тартты.

Азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі