Ақтөбе қалалық сотымен дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы А. жауапкер С.-дан 90 000 теңге қарыз ақша және 90 000 теңге моралдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі тараптардың қатысуымен қаралды.

Талап қоюшының уәжіне сәйкес, ол жауапкер С. тапсырысы бойынша кафеге пластикалық қалқан орнатқан, осы жұмыстың бағасы 290 000 теңге құраған. Атқарылған жұмысқа жауапкермен тек қана 200 000 теңге төленген, қалған 90 000 теңге ақша қайтарылмаған.

Сот отырысына дайындық жүргізу барысында  тараптар дауды медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтінішпен жүгінді, келісімге сәйкес жауапкер С. талап қоюшы А. 90 000 теңге қарыз ақшаны және 10 000 теңге моралдық шығынды 2017 жылдың қазан айына дейін қайтаруға міндеттенді. Талап қоюшы А.  жауапкер С. ұсынысымен келісіп, талап арыздан бас тартады.

Сотпен ҚР АПК-нің 277-278 баптарына сәйкес, қыркүйек айында 2017 жылы дауды медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі