Ақтөбе қалалық соты еңбекақы өндіру туралы талапты қарап, талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы Д., Е., К., О., С. , жауапкер  «К»  ЖШС-нен еңбекақы өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап арызға сәйкес, талап қоюшылар 2017 жылдың наурыз айыннан бастап шілде айына дейін жауапкер «K.» ЖШС-де қызметкер болып жұмыс жасағаны, еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін қарыз пайда болып, осыған байланысты сотқа жүгінген.

Талап қоюшы өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгініп, соттан еңбекақы бойынша қарыз ақшаны өндіруді сұрады.

Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшы Д.-ның пайдасына  750 000 теңге,  Е.-ның пайдасына  2000 000 теңге, К.-ның пайдасына  915 000 теңге, О.-ның пайдасына  850 000 теңге, С.-ның пайдасына  500 000 теңге көлемінде  еңбекақы өндірілді.

Шешім  заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі