Ақтөбе қалалық соты дауды медиативтік келісімен шешті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы С.-ның жауапкер С.-дан қарыз өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы С. жауапкер С.-дан 1 500 180 теңге көлемінде қарызға алып, аталған қарызды бір ай уақыт ішінде қайтаруға міндеттеме алғанын, алайда белгіленген мерзімде жауапкер аталған қарызды қайтармағанын негіздеген. 

Сот отырысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді ұсынып, медиациялық келісім бойынша жауапкер С. талап қоюшы С.-ның  пайдасына  1 500 180 теңге, талап қоюшының өкіліне 50 000 теңге шыққан шығынды өтеуге міндеттеме алды.

 Сот  ұйғарымымен азаматтық іс бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, істі өндірістен қысқартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі