1 қазан – халықаралық қарттар күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне байланысты Ойыл аудандық сотының қызметкерлері мен зейнеткерлерді мейрамдарымен құттықтап барды.

Сот ұжымы атынан сот төрағасы С.З.Танимова және кеңсе меңгерушісі Г.Танкиева  аудандық сотында қызмет еткен Нұрсұлтан Базаров және Жібек Төлегеновалардың отбасында болып қайтты.

Сот төрағасы С.З.Танимова қарт зейнеткерлерді мерекелерімен құттықтап, денсаулық, ырыс-береке, отбастарына амандық, елімізге тыныштық тілеп, сот ұжымының атынан сыйлықтар табыс етті.

Зейнеткерлер сот ұжымына өздерінің алғыс сөздерін жаудырып, батасын берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі