Соттың жеке және мемлекеттік сот орындаушыларымен қарым қатынастары» тақырыбына «дөңгелек үстел»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында соттың жеке және мемлекеттік сот орындаушыларымен қарым-қатынастарының  сұрақтары бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Дүйсен, судья Е.Нуршарыпов, Мәртөк ауданы бойынша мемлекеттік сот орындаушысы Е.Сарманов және жеке сот орындаушылары Ш.Рабаева, И.Аткиев қатысты.

«Дөңгелек үстелді» өткізу шегінде соттың жеке және мемлекеттік сот орындаушыларымен қарым қатынастарының күрделі сұрақтары талқыланды. Сонымен қатар, дөңгелек үстелдің қатысушылары, азаматтар – өндіріп алушылар атқару құжаттарымен жүгінген уақытта әуре-сарсаңды төрешілдікті, нақты атқару құжаттарды негізсіз қайтаруды жоюға әкелетін пікірлер мен ұсыныстармен алмасты.

Шара соңында сот төрағасы М.Дүйсен «дөңгелек үстелдің» қатысушыларына алғысын білдірді және атқару өндіріс тараптарының азаматтық құқықтарын іске асыру және қамтамасыз ету бойынша жақсы жұмыс тіледі.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі