Сома өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Т» ЖШС-гі Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «М» ЖШС-нен  20 693 801 (жиырма миллион алты жүз тоқсан үш мың сегіз жүз бір) теңге көлеміндегі қарыз сомасын өндіру жөнінде сот бұйрығын шығару туралы талап арызымен жүгінді. 

Сотпен тараптар арасында 2012 жылғы 1 наурыздағы №28 шарты жасалғандығы анықталған. Жауапкер «М» ЖШС-гі талап қоюшы «Т» ЖШС-гі алдындағы қарызын мойындайды, ол 01.01.2013 жылдан 23.01.2016 жыл кезеңдегі салыстыру актісімен расталады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және Азаматтық процестік кодексін негізге ала отырып сот «М» ЖШС-нен «Т» ЖШС-гі пайдасына 20 693 801 (жиырма миллион алты жүз тоқсан үш мың сегіз жүз бір) теңге көлеміндегі қарыз сомасын және 310 407 (үш жүз он мың төрт жүз жеті) теңге сомасындағы мемлекеттік баж салығын қайтаруға бұйырды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі