Ресей Федерациясы Орынбор облысының тұрғыны мемлекеттік органының актісіне шағым келтіру тәртібі бойынша сұрақпен жүгінді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық соты 04.01.2017 жылғы сот төрағасының өкіміне сай, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын-алу мақсатында, әр айдың екінші сәрсенбісі  «Ашық есік күні» деп белгіленді.

Іс-шараның мақсаты – сот жүйесінің  жұмысына сенімін арттыру,  сот имиджін көтеру, сот қызметімен таныстыру, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыру және әділдік пен заңдылық  өмірдің  ұстанымы екендігін түсіндіруге бағытталған.

Мәртөк аудандық сотында 11.05.2017 жылы «Ашық есік күні» өткізілді. Сот төрағасы М.Дүйсен азаматтарды қабылдауды жүргізді.

 «Ашық есік» күні құқықтық мәселелі сұрақпен  Ресей Федерациясы Орынбор облысының тұрғыны И.Д.  сотқа мемлекеттік органының актісіне шағым келтіру тәртібі бойынша сұрақпен келді. Оған сот төрағасы М.Дүйсен Қазақстан Республикасының Азаматтық Процесстік Кодексінің заң талаптары түсіндірілді,  сонымен қатар сот төрағасы Ақтөбе облысы бойынша соттар Әкімшісі 2016 жылдың қараша айынан бастап, call-орталығы іске қосылғанын, сот органдарының қызметі мәселелері бойынша сұрақтарға жауап алатыны туралы айтып өтті және Жоғарғы Соттың жаңа жобасы іске асырылуда, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы іске қосылғанын атап өтті.

Әрбір қойылған сұраққа төраға қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып, толыққанды жауаптар берді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі